АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі түрік авиациялық биліктеріне және «Atlas Jet» компаниясына ұшуларды жалғастыруды және авиабилеттерді ашық түрде сатуды талап етті, деп хабарлады аталған ведоствоның баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, бүгінгі күні «Atlas Jet» басшылығымен 19 шілдеден ұшулар жандандыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.
«Көлік және коммуникация министрлігінің қатаң талап ету нәтижесінде авиакомпания ұшуларды неғұрлым тезірек жандандыру жөнінде шешім қабылдады», - деп мәлімдеді ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.