Республиканың батысында күн райы антициклонның ықпалында жауын-шашынсыз болады.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, құмды дауыл болады.
Түнде Ақтөбе, Қостанай облыстарында ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Республиканың оңтүстік, кей жерлерде солтүстік-батыс және солтүстігінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы тәуліктерде республиканың сулы нысандарында су деңгейінің ауытқушылығы байқалмайды.