Қазақстанның батысында антициклонның ықпал етуімен күн ашық болады деп күтілуде. Жамбыл облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің секундына 17-22 метрге дейін күшеюі, жел екпіні 25 метрге дейін жетеді деп күтілуде.
Қызылорда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі болады деп күтілуде. Атырау, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі.
Алматы облысында - кейбір жерлерде тұман түседі, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Маңғыстау облысында кейбір жерлерде көктайғақ болады.
Қарағанды облысында түнде кейбір жерлерде өте қатты аяз сақталады. Оңтүстік Қазақстан облысында түнде қатты аяз, кейбір жерлерде өте қатты аяз сақталады. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарында түнде кейбір жерлерде қатты аяз болады деп күтілуде. Маңғыстау облысында түнде кейбір жерлерде өте қатты аяз болады деп күтілуде.
Таяудағы үш тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының көптеген өзендерінде мұз қатуы күшейіп, мұз құбылыстарына байланысты су деңгейлерінің ауытқулары байқалады, жекелеген өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін. 4-6 ақпан күндері Шардара су қоймасына 1150-1250 м3/с шамасында су құйылады деп күтілуде.