Аталған шара Ядролық қаруға тыйым салу үшін күрестің бүкіләлемдік күніне арналды.
«Сол бір қайғылы оқиғадан бері 67 жыл өтті. Бұл аз да, көп те уақыт емес. Сіздер Чернобыльдағы, 450-ден астам жарылыс жасалған Семей полигонында өткізілген ядролық сынақтардағы және «Фукусима» АЭС-тегі соңғы оқиғадағы қайғылы жайттарды жақсы білесіздер. Атом бомбасы қаруымен байланысты оқиғаларды бүгінде адамзат баласы зор қасіретпен еске алады», - деді «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының өкілі Қайрат Ахметов.
Іс-шараға қатысушылар ядролық жарылыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сонымен қатар бүгін «Атамекен» этно-мемориалды кешенінде Жапония, Ресей, Украина, Беларусь Елшілері сөз сөйлейді деп күтілуде. Шара барысында Хиросима мен Нагасаки, Семей полигоны, Чернобыль, «Фукусима» атом электр стансаларындағы қайғылы оқиғаларға арналған видиофильм көрсетіледі.