Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан VI KAZENERGI Еуразиялық форумында«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті Сергей Яшин мәлім етті.
2011 жылы Қазақстан Үкіметі атом энергетикасын дамыту туралы бағдарлама бекітті. «Аталмыш құжатта еліміздегі атом энергетикасын дамыту негіздері көрсетілген. Алдағы уақытта бізге осы атом энергетикасының рөлі мен орнына қатысты мәселені нақтылау қажет болады. Сонымен қатар атом стансасы салынатын орынды белгілеу керек. Атом энергиясын қолдану шараларын реттейтін нормативті заңнамаларға қатысты кешенді шараларды жүзеге асырып, атом стансасын салу ісіне қазақстандық компанияларды қатыстыру мүмкіндігін шешу қажет. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Егер атом стансасын салу туралы нақты шешім қабылданса, бұл іс алдағы онжылдықта жүзеге асады деген ойдамын»,-деді вице-президент.