«18 сәуірде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Мариано Гросси жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді. Сапар барысында Мемлекет басшысымен, ҚР Сыртқы істер, Энергетика және Денсаулық сақтау министрлерімен кездеседі, сондай-ақ Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының аумағында орналасқан агенттіктің аз байытылған уран банкіне барады», - деп мәлім етті ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.
Ол сонымен бірге қазақстандық делегация 18-19 сәуір аралығында Женевада өтетін БҰҰ-ның Еуропалық экономика комиссиясының 70-ші сессиясына қатысатынын айтты.
Жиынның тақырыбы – Еуропалық экономикалық комиссия өңіріндегі орнықты даму мүддесі үшін цифрлық және жасыл трансформация.