АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Боливия Президенті Эво Моралес өзі басқарып отырған елі бірінші атом электр стансасының құрылысына кірісуге дайын екенін мәлімдеді.
Оның пайымынша, бейбіт атом дамудың стратегиялық басымдықты бағыты болып саналады.
Саясаткер Конгресс алдындағы сөзінде Иран, Франция және Аргентина елдері бұл мақсатқа жету жолында боливиялықтарға көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, Латын Америкасында Бразилия, Аргентина және Мексика мемлекеттері ғана атом электр стансаларын иемденіп отыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.