«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін министрлік «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп, бейбіт мақсаттағы атомды дамытуға байланысты мәселелерді зерделейтін болады. Атом саласында білікті кадрларды даярлау саласында министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, атом саласының мамандықтары бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында студенттерді оқытуға гранттар мен стипендиялар бөлу жөнінде жұмыс жүргізетін болады», - деді Н. Ноғаев.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасында сутегі энергетикасын дамыту мақсатында Энергетика министрлігі сутегі энергетикасын дамытудың негізгі тәсілдерін айқындайтын болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұрлан Ноғаев 2025 жылға қарай 182 жаңартылатын энергия нысаны іске қосылатынын айтты.