Аталған турнир Австралия ашық чемпионатының іріктеу кезеңімен қатар өткізілмек. Жарыс Түркияның Анталья қаласында ұйымдастырылмақ.
Жоспар бойынша, турнир 2021 жылдың 7-13 қаңтары аралығында өтеді деп күтілуде.
Айта кетелік, бұған дейін АТР 2021 жылғы маусымды 4 қаңтар күні АҚШ-тағы Делрей-Бич турнирімен бастайтынын хабарлаған.