АТР рейтингінде Михаил Кукушкин үш сатыға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (Association of Tennis Professionals) ерлер арасындағы апталық рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.

Британдық Энди Маррей әдеттегідей көш бастап тұр, екінші орында  - серб Новак Джокович, үшінші орында швейцариялық теннисші Стэн Вавринка тұр.

ТОП-100 тізіміндегі жалғыз қазақстандық Михаил Кукушкин үш сатыға төмендеп, 90-орынды місе тұтты. Тағы бір қазақстандық спортшы Александр Бублик - 138-ші орында.