АТР рейтингінің үздік жүздігінде бір ғана қазақстандық бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) өз спортшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Жаңартылған рейтингінің үздік жүздігінде бір ғана қазақстандық бар. Ол  - Михаил Кукушкин. Ол екі сатыға төмендеп, 76-шы орыннан 78-ші орынға сырғыды. Қазақстандықтардың ішінде екінші орында Александр Бублик келеді. Ол әзірше - 141-ші сатыда.

Ал бұл рейтингте британиялық Энди Маррей көш бастады. Екінші орынға Серб Новак Джокович ие болса, үздік үштікке швейцариялық Стэн Вавринка қол жеткізген.