АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) өз спортшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңартылған рейтингінің үздік жүздігінде бір ғана қазақстандық бар. Ол - Михаил Кукушкин. Ол екі сатыға төмендеп, 76-шы орыннан 78-ші орынға сырғыды. Қазақстандықтардың ішінде екінші орында Александр Бублик келеді. Ол әзірше - 141-ші сатыда.
Ал бұл рейтингте британиялық Энди Маррей көш бастады. Екінші орынға Серб Новак Джокович ие болса, үздік үштікке швейцариялық Стэн Вавринка қол жеткізген.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.