АТР теннистен жылдың қорытынды жарысын Лондонда ұйымдастырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АТР жылдың қорытынды турнирін Лондонда өткізеді, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Аталған елде коронавирус індетіне байланысты жаңа шектеулер енгеніне қарамастан, теннис бәсекесі Ұлыбританияда ұйымдастырылады.

«Ұлыбритания билігінің жаңа шектеулеріне байланысты, АТР жылдың қорытынды турнирін Лондонда, көрерменсіз өткізеді», - делінген хабарламада.

Айта кетелік, Англияда коронавирус індетіне байланысты 5 қараша мен 2 желтоқсан аралығында қатаң карантин енгізбекші. Ал АТР қорытынды турнирі 15-22 қарашаға жоспарланған.

Жарыстың қазіргі жеңімпазы – грекиялық Стефанос Циципас.