Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Ш|пекбаев мәлім етті.
«Кезектен тыс аттестаттауды өткізудің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында, Мемлекет басшысының ресми сайтында арнайы бөлім ашылды, оған аттестатталатын адамдардың сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылықтарды жасағаны, сондай-ақ олардың қызметтік этика нормаларын сақтамау фактілері туралы 115 хабарлама келіп түсті», - деп атап өтті А.Шпекбаев.
Оның айтуынша, бұдан басқа, аттестатталатын қызметкерлерге қатысты тексеру іс-шараларын 8 мемлекеттік орган жүзеге асырған. Олардың үштен бір бөлігінен артығы сот органдарына берілген (35%), олардың шешімімен 4 қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.