Аттестаттау нәтижесінде батыс өңірдегі 4 облыстан 13 қызметкер жұмыстан босатылды - ІІМ

None
АСТАНА.  8 тамыз. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органы қызметкерлері арасындағы кезектен тыс аттестаттаудың екінші кезеңі жалғасуда.

Бұл ретте аттестаттаудан Ішкі істер департаменті қызметінің басшылары, қалалық, аудандық органдардың бастықтары, оқу орындарының басшы құрамы, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бастықтары, өзіндік қауіпсіздік және есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің жеке құрамы, күзет  бөліністерінің басшылары өтті. Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифинг барысында мәлім болды.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысы бойынша - аттестаттаудан 109 қызметкер өткен. Аттестаттау комиссиясы 90 қызметкерді лауазымына лайықты деп танып, 8 адамның лауазымдарын төмендетті және 8 қызметкерге басқа қызметке ауысу ұсынылып,  3 қызметкер ІІО-дан қызметтен шығарылды.

Ал Батыс Қазақстан облысы бойынша аттестаттауға 90 қызметкер қатысқан. Олардың ішінде 85 адам аттесттаудан өтті.  ІІО-нан қызметтен шығуына байланысты 5 қызметкер аттестаттауға қатысқан жоқ. Аттестаттау нәтижесі бойынша 3 қызметкер жоғары тұрған лауазымға ұсынылып, керісінше 2-уі қызметінен төмендетілді және 5-уі басқа қызметке ауыстырылды, ал 1 қызметкерге ІІО-нан қызметтен шығару ұсынылды.

Маңғыстау облысы бойынша аттестаттауға 69 қызметкер қатысқан. Оның нәтижесі бойынша 1 қызметкер жоғары тұрған лауазымға ұсынылды. 48 қызметкер лауазымдарына лайықты деп танылды, 10-ы қызметінен төмендетілді және 6-уы басқа қызметке ауыстырылды, ал 4 қызметкерге ІІО-нан қызметтен шығару ұсынылды.

 Атырау облысы бойынша аттестаттауға 80 қызметкер қатысты.  ІІО-нан қызметтен шығуына байланысты 2 қызметкер аттестаттауға қатысқан жоқ. Аттестаттау нәтижесі бойынша 2 қызметкер жоғары тұрған лауазымға ұсынылды, 69 қызметкер лауазымдарына лайықты деп танылды, 3-уі қызметінен төмендетілді және 2-уі басқа қызметке ауыстырылды, ал 5 қызметкерді ІІО-нан қызметтен шығару ұсынылды.