Аттестаттаудан кейін Шығыс Қазақстан облысында 8 қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды

None
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудың екінші кезеңі жалғасуда.

Ол бойынша Ішкі істер департаменттері қызметінің басшылары, қалалық, аудандық органдардың басшылары, оқу орындарының басшылық құрамы, қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің басшылары, күзет бөліністерінің басшылары, өзіндік қауіпсіздік және есірткі бизнесіне қарсы күрес, әскери-тергеу бөліністерінің жеке құрамы, сонымен қатар ІІД және аудандық ІІБ бірқатар жедел қызметкерлері аттестаттаудан өтетін болады.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 шілдеде Шығыс Қазақстан облысындағы ІІМ номенклатурасы бойынша ішкі істер органдарының және қылмыстық атқару жүйесінің 148 қызметкері аттестаттаудан өтті.

Оның ішінде 10-ы жоғары лауазымға ұсынылса, 108-і лауазымына лайық деп танылып, 9-ы қызметінен төмендетілді, ал 2-еуі басқа қызметке ауыстырылып, 5-еуі ішкі істер органдарынан қызметтен шығарылды.

Бұдан басқа, аудандық ішкі істер бөлімінің 2 бастығының, қылмыстық атқару жүйесі мекемесі бастығының, басқарма бастығының орынбасарлары қызметтерінен төмендетілген. Сондай-ақ 2 басқарма бастығының орынбасарлары және әскери тергеу басқармасы  жедел-тергеу құрамның 3 қызметкері ішкі істер органынан шығарылды.