Аттестаттаудың І кезеңінің қорытындысы: ақмолалық 16 полицей қызметіне сәйкес келмейді
31 шілде мен 2 тамыз аралығында 3 отырыс өтіп, оған Көші-қон полициясы комитетінің төрағасы, генерал-майор Патрис Нокин қатысты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Аттестаттаудің бірінші кезеңінен ІІД аппараты басқармасының орынбасарлары, бөлім бастықтары, АІІД бастықтарының орынбасарлары, шолғыншы батальондар командирлері мен жол полициясы, ауылдық полиция пункттерінің бастықтары, жалпы 245 полиция қызметкері өтті.
Полицейлер заңнаманы білу деңгейлеріне тест тапсырып, дене шынықтырудан және қару қолдана білу дайындықтары бойынша сынақтан өтті.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша, 16 қызметкер лауазымына лайықты деп танылды әрі олар кадрлық резервке алынды немесе жоғары тұрған лауазымға ұсынылды.
213 полицей лауазымды қызметіне сай келеді.
Лауазымына сай келмейтін 11 полиция қызметкерінің лауазымын төмендету, лауазымына сай келмейтін тағы 4 полицейді басқа қызметке ауыстыру және 1 қызметкерді құқық қорғау органдарынан шығару ұсынылды.