Оқиға Джакарта қаласында Sekaten Night Market жәрмеңкесінде болған, деп жазады The Telegraph.
Аударылған кабинадан анасы мен баласы құлап кеткен. Ақауы бар аттракционда қалып қойған тағы бірнеше адам құтқарушыларды күтпей-ақ, шолу дөңгелегінің құрылымынан ұстап түсе бастаған.
Куәгердің айтуынша, дөңгелек кенеттен басқа бағытқа айналған.
Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Апатты кабинада қалып қойған өзге адамдарды парк қызметкерлері мен құтқарушылар жерге түсірген.