Облыстық көпбейінді аурухананың мәліметінше, пациент қос аяғынан айырылды.
- Ота жасалды. Сол жақ санының үштен бір бөлігіне және сол аяғының тобық бөлігіне ампуатация жасалды. Ауыр жарақат алған ол жансақтау бөлімінде қарқынды ем қабылдап жатыр, - деді аурухананың бас дәрігері Жасұлан Баймаханов.
Дәрігерлер емделушінің денсаулық жағдайы өте ауыр екенін айтып отыр.
Бұған дейін облыстық полиция департаменті демалыс орнының үстінен еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарламаны едік.