«Ол оба сияқты, Головкиннен алшақ жүру қажет. Оның соққысы аттың тебісімен пара-пар. Маған Головкинмен жекпе-жек қажет емес, бұл тым қауіпті», - деді Фроч HBO телеарнасының комментаторы Макс Келлерманға берген жауабында.
Айта кетейік, Фроч өзінің соңғы кездесуінде Джордж Гроувзды нокаутқа жіберген болатын.
Бұның алдында Макс Келлерман атақты Фрочқа қарсы шыға алатын екі боксшының бірі Головкин деген еді.
Геннадий Головкиннің өзі 27 шілде күні титулын қорғап қалды. Австралиялық боксшы Дэниэл Гилге қарсы өткен жекпе-жек 3-раундта нокаутпен аяқталды. Геннадий Головкин келесіде Мигель Котто, Питер Куиллин мен кіші Хулио Сезар Чавеспен кездескісі келетіндігін мәлімдеген болатын.