«Бұл аумақта АТУ-мен бірге, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Банк ісі академиясының оқу ғимараттары мен жатақханаларының 2 мыңнан астам студенті бар. Бүгінгі ашылып отырған полиция тірек бөлімшесі осы студенттердің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп, тәртіптерін қадағалап отырады деп сенім білдіреміз», деді университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Қалтай Батхолдин.
15:01, 14 Қазан 2010
АТУ-да Алмалы аудандық ІІБ-ның №4-ші учаскелік полиция бөлімшесі ашылды
АЛМАТЫ. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматы технологиялық университетінің ректоры Құралбек Құлажанов пен Алмалы ауданы әкімі Марат Пірінбеков университет аумағында ашылған жаңа полиция бөлімшесінің лентасын қиды.