Аты аңызға айналған боксшы Головкин мен Альварестің айқасына болжамын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс даңқы залына кіретін әлемге әйгілі орта салмақтағы боксшы Шугар Рэй Леонард Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегі туралы өз болжамымен бөлісті, деп жазады Sports.kz.

«Бұл айқасқа ешкім бәс тікпесін, себебі бұл - болжап болмайтын жекпе-жек. Мен екеуін тең түседі деп ойлаймын, өйткені болжам 50-де 50 болып тұр. Жекпе-жекте өзінің ойын жоспарын іске асыра алған боксшы жеңеді. Бұл жерде былғары қолғап шеберлерінің физикалық қыры емес, ақыл-ойы үлкен рөл ойнайды. Екеуі де ақылды болуы керек, иектерін қалқалап, жақсы қорғанулары тиіс», - деп атап өтті Леонард ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.