Аты аңызға айналған футболшыға сыбайлас жемқорлық айыбы тағылды

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған итальян футболшысы, көп жыл «Милан» мен өз елінің ұлттық құрамасында команда капитаны болған Паоло Мальдиниге сыбайлас жемқорлық пен жабық ақпарат жүйесіне заңсыз енді деген айыптар тағылуда.

Мұндай шешімді 28 наурыз, дүйсенбі күні миландық судья Луиджи Варанелли шығарды. Бұл туралы РБК хабарлап отыр.

"Прокуратураның мәліметтері бойынша, Мальдини итальян салық қызметінің өкіліне жалған тексеруден өтіп кетуі үшін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке мәміле жасауға негізделген жабық ақпараттарды заңсыз алуға пара берген деп айып тағылуда", - деп хабарлайды итальяндық БАҚ.