Аты аңызға айналған «Халық қаһарманы» Бақытжан Ертаев ауған соғысына қатысты сырларымен бөліспек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 наурыз күні сағат 21.00-де «Қазақстан» телеарнасынан аты аңызға айналған даңқты қолбасшы Бақытжан Ертаевтың өмірінен үзік сыр көрермендерге жол тартпақ, деп хабарлайды телеарнаның баспасөз қызметінен.

Елбасының қолынан 2008 жылы Қазақстанның бас марапаты - «Халық қаһарманы» атағын алған, аты аңызға айналған генерал-лейтенант, Мәжіліс депутаты, даңқты қолбасшы, интернационалист-жауынгер Бақытжан Ертаев «Сенбілік кездесу» бағдарламасында Ауғанстан соғысына қатысты көптеген сырларын ашады.

Өзінің бүкіл саналы ғұмырын әскери салаға арнап, қатардағы жауынгерден генерал-лейтенантқа дейінгі соқтықпалы-соқпақты үлкен жолдан өткен қолбасшы Бақытжан Ертаевтың тағдыр танытқан алғашқы махаббаты пен алғашқы еңбек жолындағы қадамдары, қайғы мен орны толмас қазалар. Бүгінгі күні ол немен айналысады, өскелең ұрпаққа айтар не тағылымы бар, бос уақытын қалай өткізеді?

Бұл сауалдың бәріне жауапты «Қазақстан» телеарнасында ақпанның соңғы сенбісінде эфирге шыққан жаңа форматтағы - «мемуарлық» жанрдағы «Сенбілік кездесу» атты жаңа бағдарламаның жүргізушісі Құрманбек Жұмағали танымал тұлғаның ел білмейтін жеке өмірінің қыр-сырларын ашу барысында береді.