деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.
Миланның атақты театры өзімен бірге Рудольф Нуриев редакциялаған Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балеттік спектаклін алып келеді. Қазақстандық көрермен итальяндық шеберлер ұсынатын, рыцарь Дон Кихоттың мінсіз бейнесін 2014 жылдың 30 маусымы мен 4 шілде аралығында бағалай алады.
Өмірі қиял мен иллюзияға толы Дон Кихот ойдан шығарған өз әлемінде өмір сүреді, алайда шындықпен бетпе-бет келгенде, арманындағы дүниенің ойран болғанын көтере алмайды. Балет толығымен қуғыншыларға және алданғандарына қарамастан армандарына қол жеткізуге ниеттенген жас Китри мен шаштараз Базиль арасындағы махаббат хикаясының астарында жатқан Дон Кихот пен оның атқосшысы Санчо Пансаның бастан кешкен оқиғаларынан құралған. Дон Кихот жел диірменімен күресіп, түсінде дуаланған бақта Дульсинеямен билеп жүреді. Балеттің бейнелі испандық фольклорлық әуенмен, сыған билерімен және Дриад Корольдігінің ғажап әлемімен үйлескен жайбарақат көңіл-күйі, классикалық комедия сахнасын келтіреді. Ақкөңіл Дон Кихоттың мінезі әсіресе, махаббат жеңісіне сән беретін соңғы гран па-де-де кезінде бидің асқан техникасын орындауды талап етеді.
Испандық халықтық нақыштағы көріністердің көркем декорациясын Рафаэль дель Савио жасап, костюмдерді Анна Анни әзірлеген. Спектакльді өңдеген және бейімдеген Джон Ланчбери. Аты аңызға айналған итальяндық әртістер «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.
La Scala театрымен арадағы әріптестік туралы әңгімелеп берген «Астана Опера» театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов: «Әрине, біз өзімізге үлкен талап қоямыз, себебі біз әлемдегі ең үздік театрлардың бірі болғымыз келеді. La Scala театрының басшылығымен жеке кездескенде, мен оларға бізді қолымыздан жетектеп, жарқын болашаққа жетелеген «анамыздай» болуды ұсындым», дейді.
Бағасы 500 теңге мен 30 000 теңгенің аралығында болатын «Дон Кихот» балеттік спектаклінің билеттері ағымдағы жылдың желтоқсанында сатыла бастайды. Билеттерді қойылымға дейін бір жыл бұрын сататын үздік театрлардың тәжірибесін «Астана Опера» театры да өз тәртібіне енгізеді. Үзілісті қосқанда 2 сағат 40 минутқа созылатын спектакль классикалық нұсқада қойылады.