Пакьяо жекпе-жекке өзінің еншісіндегі WBA «тұрақты» белдігін тіккен болатын. 12 раундқа шақталған айқаста төрешілер бірауыздан Пакьяоны жеңімпаз деп таныды (117:111, 116:112, 116:112). Сонымен Пакьяо кәсіпқой рингтегі 61-жеңісіне қол жеткізді, ал Бронер төртінші рет сүрінді.
Еске сала кетейік, Пакьяоға осы жекпе-жек үшін кепілді 10 миллион доллар гонорар төленеді. Ал Бронер 2,5 миллионды қалтасына басады.
Айта кетерлігі, жерлесіміз Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) те жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Кәсіпқой бокстағы дебютін былтыр сәуірде тойлаған Данияр биыл титулдық жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.