Агенттіктің хабарлауына қарағанда, Найм Сүлейменоғлы 50 жасында емханада көз жұмды.
Аты аңызға айналған зілтемірші 28 қыркүйекте емханаға жатқызылып, 6 қазанда бауыры ауыстырылған. 11 қарашада миына қан құйылуына байланысты спортшыға жедел тағы бір ота жасалған.
Еске сала кетейік, атақты зілтемірші 46 әлем рекортын орнатты. Ол ауыр атлетика тарихында ең атақты спортшы саналады.