Бұл туралы Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы теміржол көлігін бақылау бөлімінің басшысы Сырымбет Қостаев мәлім етті.
«Мәскеу–Ташкент, «Мәскеу–Душанбе», «Куляб–Мәскеу», «Саратов–Ташкент» бағытында қатынайтын пойыздар қозғалысына шектеу қойылды. Ал, «Атырау – Астрахан» аралығындағы пойыз жұп күндері ғана жүреді. Әзірге оның жүрісін шектеуге қатысты нұсқау берілген жоқ. Бұл мәселеге байланысты ақпаратты қосымша хабарлаймыз» - деді Сырымбет Қостаев.