«Эйр Астана» компаниясының Атырау-Астана бағытындағы КС-982 рейсі жерге қонғаннан кейін А320 әуе кемесінің сол жақ қозғалтқышы түтіндеп кетті. Әуежайдың өрт сөндіру бөлімінің күшімен уақтылы іс-шаралар қолға алынып, түтін сөндірілді», - деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігің Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі парақшасында.
Ұшақта болған 90 жолаушының ешқайсысы зардап шеккен жоқ.