Атырау - Астрахан автожолы қашан салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау - Астрахан автожолы құрылысының қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау - Астрахан автожолының құрылысына келсек, бұл мәселе Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің құзырына қарайды. Автожол құрылысы биыл басталуы тиіс», - деп жауап берді Нұрлан Ноғаев журналистердің сұрағына.

Облыс әкімі жол бөліктері құрылысының басталып кеткенін айтты.

«Атырау - Ақтөбе» жолының құрылысы басталды. Биыл Атыраудың барлық аумағынан Ресей Федерациясымен шекараға дейінгі жолдар салынады», - деп нақтылады Нұрлан Ноғаев.