Атырау-Бейнеу тас жолындағы апаттан екі адам қаза тапты

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Мақат ауданындағы Атырау-Бейнеу тас жолында екі адам опат болды.

«РФ Астрахан облысының 47 жастағы тұрғыны жол-көлік апатын жасады. Ол тас жолда жүгіріп келе жатқан 66 және 67 жастағы екі ер адамды қағып кетті. Олардың бірі оқиға орнында, екіншісі аудандық ауруханада көз жұмды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Жүргізуші ұсталды», - деп хабарлады Мақат ауданының прокуроры Аршат Тайтуллин «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.