55 жастағы ресейлік маман Виктор Кумыков Атырауға келіп, батысқазақстандық клубпен келісімшартты ұзартты. Сондай-ақ онымен бірге барлық бапкерлік штаб жұмыстарын жалғастыратын болады, олар: Роман Узденов, Олег Корниенко, Қуаныш Қабдулов, Владимир Зиванович және Срджан Солдатович.
Еске салайық, В.Кумыков «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметіне биылғы шілде айында кірісті және команданың Премьер-лигада қалуына көмектесті.