«Атырау» ФК футболдан ҚР чемпионатына қатысатын болды

None
АТЫРАУ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Атыраудың «Атырау» футбол клубы ҚР чемпионатына қатысатын болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы Қайрат Тарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-тарда «Атырау» ФК ойыншылардың алдындағы үлкен қарыздары үшін чемпионаттан шешілгендігі туралы ақпарат шықты. Бұл жергілікті команда үшін шынайы тілектес көптеген жанкүйерлердің арасында әңгімелерді тудыртты.

«Бүгінгі іс жүзіндегі жағдай мынадай. 28 наурызға дейін клубқа барлық қаржылық мәселелер мен проблемаларды реттеуге уақыт берілді. Облыс басшылығы футбол клубының ел чемпионатынан алынып тасталмауына қол жеткізе алды», - деп ақпараттандырды Қ.Тарбаев.

Оның айтуынша, клуб чемпионатқа келесі шарттармен қатысады: легионерлер әзірше тартылмайды және командадан 6 ұпай алынады.

Атыраулық команданың қатысуымен алғашқы ойын 9 наурызда Таразда өтеді.