"Атырау" футбол клубы Черногория аяқдопшыларымен жолдастық кездесуін 1:3 есебімен аяқтады

АЛМАТЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Түркияда 6 ақпаннан бері соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Атырау» футбол клубы кеше кезекті жолдастық кездесуін өткізді.

Черногорияның  Жоғарғы лигасында өнер көрсететін  Широки Бриегтің «Широки Бриег» командасымен болған бұл ойын 1:3 есебімен аяқталды. Атыраулықтар бұған дейін 12 ақпанда Румынияның Жоғарғы дивизионындағы  «Тыргу-Муреш» командасымен болған кездесу 0:0 боп аяқталған болатын.  Ал 11 ақпанда Черногорияның «Будничность» командасымен    2:2 есебімен тең түскен еді. Енді 18-19 ақпан күндері  Сербияның Крушевац қаласының («Непредак») және  Белградтың («Рад») аяқдопшыларымен  күш сынаспақ. Ал 21 ақпанда  ақтық кездесуін  Белорустың «Белшинасымен» өткізіп, келесі күні елге қайтуды жоспарлап отыр.