Атырау ішкі істер департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды
20:40, 22 Қаңтар 2009
АТЫРАУ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметіне Асқар Кенжеғариев тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Майор А.Кенжеғариев бұған дейін Атырау облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасын басқарды.