Бұл туралы тұрғындар алдында есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев мәлім етті.
Әкімнің мәліметінше, былтыр облыс орталығында 17 спорттық нысан пайдалануға берілген. Оның ішінде 5 футбол, 2 баскетбол, 6 балалардың ойын алаңы мен 4 воркаут бар.
«Биыл Атырау қаласының маңындағы Томарлы елді мекені мен Геолог шағын ауданында спорт кешенінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып жатыр. Сондай-ақ, қаладағы 25 мектепке арналған спорт алаңын, аулаішілік 23 спорттық нысан, оның ішінде 1 футбол, 2 баскетбол алаңын жаңғырту, 6 воркаут, 14 балалар ойын алаңын салу көзделіп отыр» -деді Қайрат Оразбаев.