Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
07:21, 30 Мамыр 2022
Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 мамыр күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, дүйсенбіде атмосфералық ауа сапасы тек Атырау қаласында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.