29 қыркүйекте Атырауда және қала маңындағы ауылдық округтерде екі айлық санитарлық тазалау акциясы аясында қалалық сенбілік өтті. Қоқыстарды жаппай тазартуға 631 нысан және 63 техника жұмылдырылды. Сенбілікке барлығы 8905 адам тартылды.
«Атап айтар болсақ, Самал және Жұмыскер шағын аудандарының қоқыстары толығымен тазаланды. Болашақта санитарлық нормалар мен ережелерді бірнеше рет бұзған азаматтарға әкімшілік шаралар қолданылатын болады», - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев.
Айта кетелік, қаланы екі айлық санитарлық тазарту 15 қыркүйекте басталды. Жалпы қалалық сенбіліктер аясында жеке ұйымдар мен мекемелер өз аумақтарын тазарту бойынша іс- шаралар жүргізуде.