«ҚазТрансГазАймақ» АҚ магистральдық газ құбырындағы жұмыстарға байланысты газ беру тоқтатылатынын хабарлады.
Жөндеу жұмыстары «Атырау магистральдық газ құбыры әкімшілігінің 2018 жылға газ тарату станциялары үшін жоспарлы аялдамалар кестесіне» сәйкес жүзеге асырылады. Осыған орай, 24 шілдеден бастап 26 шілдеге дейін Атырау қаласының оң жағалауындағы Еркінқала ауылынан Алмалы ауылына дейінгі қала маңы елді мекендерінде тұтынушыларға табиғи газ жеткізу тоқтатылды.
«Қала тұрғындары мен қонақтарынан тиісті сақтық шараларын сақтауын өтінеміз», - делінген «ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалы таратқан хабарламада.
14:53, 24 Шілде 2018
Атырау қаласының оң жақ бөлігінде үш күн бойы газ болмайды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының оң жақ бөлігінде газ өшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.