Атырау кәсіпкерлері Кеден одағы құрылуын қуана қарсы алады

None
АТЫРАУ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Қазақстан, Ресей және Беларус арасындағы Кеден одағы біздің кәсіпкерлерімізге біраз пайда әкелуі тиіс, деп санайды «Атырау облысы кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Нина Темірбаева.

Н.Темірбаеваның пікірінше, атыраулық кәсіпкерлер одақ құру шешімін өте дұрыс және дер кезінде қолға алынған шара ретінде бағалайды.

«Одақтың басты артықшылығы Ресей, Беларус және Қазақстан арасындағы кеден бекеттері алынып тасталады. Бұл дегеніңіз тауарлар, олармен бірге адамдар да, бекеттерде ошарылып тұрып қалмайды. Біз көп уақытымызды үнемдейміз, біз мемлекеттік баж салығын төлемейтін боламыз, шығындар едәуір азаяды. Қазақстандық тауар Кедендік одақ аумағында шығарылған болып есептеледі. Бұрын тауарларға ресейлік сертификаттар қойылатын, Ал Атырауда оған ақша төлеп, қазақстандық сертификатқа ауыстырып, машақат көретінбіз. Енді бұл кедергілер болмайтын болды», - дейді Г.Темірбаева.