«Әр күні таңертең біз қызмет көрсетіп отырған №№ 2, 4, 7, 8, 12, 14, 30, 30а бағдар желілерінің кассирлері кассалық таспасы бар терминалдармен қамтамасыз етіледі. Сондықтан кейбір кассирлердің «бүгін чектер берілген жоқ» деген сөздері шындыққа жанаспайды. Біз, ЖШС әкімшілігі жолаушыларға билет беруге тырысамыз, себебі онсыз шығынға ұшыраймыз. Сондықтан тұрғындардың чек талап етуін сұраймыз. Егер сізге чек берілмесе, жол ақысын төлемеуіңізге болады!», - деді «Атырау көлік паркі» ЖШС-ның директоры Айдарбай Достанұлы.
Ол алдағы уақытта қаладағы қоғамдық көлік жұмысында қызмет көрсету сапасын бақылайтын арнайы бақылау-ревизия қызметі қадағалайтыны жөнінде мәлімдеді. Ал әзірге, әлеуметтік желі пайдаланушыларының хабарлауынша, автобустарда тегін жүрген қала тұрғындары аз болған жоқ.
Автор: А.Соколов