«Жасалған келісімшартқа сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобаға 2 млрд 336 млн теңге мөлшерінде инвестиция тартылды. Осы қаржыға қаланың 39 көшесіне 2816 энергия үнемдеуіш шам орнатылады», - деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұрын Атырау көшелеріне жаңа технологиялар мен заманауи LED-жарық шамдарын орнату жоспарланып жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Жалпы, қала мен қала маңындағы ауылдардағы көшелердің 106 шақырымына жаңа жүйемен жарық беріледі.