«Соңғы жылдары Атырау мектептерінде орыстілді сыныптарға сұраныс артты. Қоғамдық пікір сауалнамалары көрсеткендей, бұл түлектердің келешекте Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуға ниет білдірулерімен байланысты болып шықты. Біздің мамандар ата-аналарды қазақ сыныптарын таңдап, құжаттарды қазақ мектептеріне тапсыруға көндіруге тырысады. Дегенмен орыстілді мектептерге сұраныс артуда. Салдарынан орыстілді сыныптарда ұстаздар жетіспей жатыр», - деді қалалық білім басқармасының жалпы білім секторының меңгерушісі Аманбек Хұсынов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
А. Хұсыновтың айтуынша, бүгінде Атырау мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ жүргізетін 79 мұғалім, 6 психолог, 16 технология ұстазы, 90 бастауыш мектеп мұғалімі, физика пәнінен 11 мұғалім, математикадан - 29, тарихтан - 9 мұғалім қажет. Сондай-ақ, қазақ және орыс сыныптарында дене тәрбиесінен сабақ беретін 19 ұстаз, бастапқы әскери дайындықтан 3 маман, 6 химик және 4 биолог, қазақ мектептерінде математиканы оқытатын 33 мұғалім жетіспейтін болып шықты.