Атырау мектептерінде сабақ онлайн форматта өтеді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау қаласындағы мектептерде сабақ онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептердегі сабақ қашықтан оқытуға ауыстырылады» - деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлаған едік.