Кеше сағат 13.19-да Рудный қаласында 5 қабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтер өртенді. Өрт 20 минуттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Қостанай облысы бойынша ТЖД өртке қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын салдарынан 24 жастағы жігіт пен 3 жасар сәби ауруханаға жеткізілді. Сәби ауруханада көз жұмды.
Атырау қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде лаулаған от өрт сөндірушілер келгенге дейін ауыздықталды. Оқиға орнында 67 жастағы әйелдің мәйіті табылды.