Атырау мен Ширван бауырлас қалалар атанды

None
БАКУ. 3 маусым. ҚазАқпарат - Атырау қаласының әкімі Серік Айдарбеков бастаған делегацияның Әзірбайжан еліне жасаған сапары барысында Атырау (Қазақстан) мен Ширван (Әзірбайжан) қалаларының арасында бауырластық қарым-қатынас орнатуға байланысты декларацияға қол қойылды.

Бұл құжатты негізге ала отырып, бауырлас қалалар Атырау мен Ширван өзара қарым-қатынастарын дамытады, екі қаланың жастары арасында байланыс орнатып, жергілікті басқару, мәдениет пен ғылым салаларында, кәсіпкерлік пен бизнес, сауда-саттық пен туризм салалары бойынша тәжірибе алмаса алады.

Ширван қаласының экономикасы мұнай-газ өндірісі мен жылу-энергетикалық кешендеріне негізделген. Бүгінгі күні қаладағы кәсіпорынның жалпы өнімінің 90 пайыз үлесін осы өнеркәсіп саласы алып отыр. Қала зияткерлік әлеуеті, жоғарғы мәдени деңгейі мен тұрақтылығы жағынан елде жетекші орынға ие.