Мешіттегі ішкі тәртіп пен ережелерге сәйкес, мешітке келушілер намаз оқығанда барлық нормаларды орындауға міндетті. Мешітте дауласуға, намаз кезінде кедергі келтіруге тыйым салынған.
Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты айқайлаған азаматты ҚР ӘҚБК 490-бабының 2-тармағына сәйкес айыпты деп тауып, оған 50 АЕК (106 050 теңге) көлемінде айыппұл салынды.