Атырау МӨЗ-да жылына 2 млн. 400 тонна шикі мұнай өңдейтін кешен салынады

АТЫРАУ. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2011 жылдың соңында «Атырау мұнайөңдеу зауыты» мен «Sinopec Engineering»(КНР), «Marubeni Corporation» (Жапония) және «ҚазҚұрылысСервис» АҚ (Қазақстан) компаниялары құрамындағы консорциумның арасында мұнайды терең қайта өңдеу кешені құрылысын салып, тапсыруға байланысты қол қойылған келісім өз күшіне енді.

Келісім АМӨЗ мердігерлерге жалақыны өтеу бойынша шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді.

Жобаны құны - 1 млрд. 679 млн. 892 мың АҚШ доллар. Жобаны іске асыру мерзімі - 41 ай. Кешен жылына 2 млн. 400 мың тонна шикізатты қайта өңдеуге есептелген.