«АМӨЗ» ЖШС жобасы көлік инфрақұрылымдарын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылған және Атырау мұнай өңдеу зауытының барынша нәтижелілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
«Кезінде цистерналарды булау, цистерналарға құю және ағызу қалада жүргізілді. Қазіргі таңда осы стансаның арқасында бұл процедура қаладан 8 шақырым қашықтықта жүргізілетін болады. Бұл АМӨЗ-дің қоршаған ортаға ықпалын айтарлықтай азайтып, қаланың ауасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев салтанатты шарада.
Осы жоба арқылы қосымша 367 жаңа жұмыс орны ашылды.