«Атырау мұнай өңдеу зауыты K5 экологиялық класының минус 25С максималды сүзгіштік температурасы бар дизель отынын шығаруға және жөнелтуге кірісті. Бұл Мұнайды терең өңдеу кешені Prime D дизель отынын гидротазалау және парафинсіздендірудің нәтижесінде құрамындағы парафиндері азайтылған зауыт үшін жаңа өнімдердің бірі. Бүгінде зауыттан осы өнімнің 4 мың тоннасы жіберілді», - деп мәлімдеді АМӨЗ қоғаммен байланыс қызметі.
Баспасөз қызметі түсіндіргендей, ПТФ-25 дизель отынында төмен температураға ықпал ететін қоспалар жоқ, бұл технологиялық процестің таза өнімі.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау МӨЗ жаңарту аяқталғанға дейін ПТФ-15С және қоспасы бар -25С экологиялық кластағы К3 қысқы дизель отынын шығарған болатын.